Арал ауданында көл тасып, жағалауды шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданында көл тасып, жағалауды шайып кетті

30.03.2022

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінде сең жүріп, жағалауды шайып кетті. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы көл басынан тікелей эфирге қосылуға дайын. 

Әділбек Серікұлы, тілші:
Қамбаш көлінің былтыр ғана суы тартылып, жағалаудан 500 метр қашықтап кеткен болатын. Енді міне, бір қыста қайта толып, ернеуіне сыймай тасып жатыр. Жалпы табиғи құбылыстан зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, дауылдың екпінімен келген мұздақтар жағлаудағы демалыс нысандарын қиратып тастаған. Бүгінде 23 кәсіпкердің ғимараты зақымданған. Көшкен мұздың қалыңдығы кей жерлерінде 50 сантиметрді құрайды. 

Қазір оқыс жағдайдан келген шығынның есебі нақтылануда. Кәсіпкерлік нысандардан бөлек, жарық бағаналары мен инжерлік жүйелерге де айтарлықтай зақым келген. Ал жағалауды мұздан кәсіпкерлер әзірге өз күшімен тазартып жатыр.

Хабарламаларға жазылу