Ресей Киев пен Чернигов қаласы маңындағы операциялардың қысқаратынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Киев пен Чернигов қаласы маңындағы операциялардың қысқаратынын мәлімдеді

30.03.2022

Ресей Киев пен Чернигов қаласы маңындағы операциялардың айтарлықтай қысқаратынын мәлімдеді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ресей жауынгерлерінің аз ғана бөлігі Украина астанасы маңынан кете бастаған.

Алайда, Пентагон бұл әрекетті шегіну емес, жай ғана бір жерден екінші жерге көшу деп есептейді. Мәскеу енді бар күшін Донбассты азат етуге жұмсайтынын хабарлап отыр. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының кей аудандарда операцияны мейлінше доғару туралы уәдесіне аса сенбейтінін, сондықтан, қорғанысты жеңілдетпейтінін ескертті. Ресей мен Украина жанжалды тоқтату туралы келіссөздер бүгін қайта жалғасуы мүмкін. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу