Ақмола облысында боранға байланысты 80 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Олардың арасында 6 бала бар. Жолаушылар мен жүргізушілер уақытша жылыну бекеттеріне орналастырылды. Құтқару жұмыстары 7 аудан аумағында жүргізілді. Түнде боран салдарынан 21 республикалық, 35 облыстық маңыздағы жол жабылды. Қазір олардың біразында әлі де қозғалыс шектелген. Болжам бойынша қолайсыз ауа райы апта соңына дейін сақталады. Сондықтан мамандар ескертуді елеп, жолға шықпауға кеңес береді.
Ермек Елберген