Оқиға Ақсу қаласына қарасты Көктас ауылында болған. Мал иесі таң сәріде арсылдаған ит дауысынан оянып, далаға шыққан. Сол кезде қораның есік, терезесінен секіріп шығып жатқан иттерді көрген. Қазір бұл іске қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Осы ауылдың тұрғындары бұған дейін де иттердің бірнеше рет малға шауып, әбігер қылғанын, тіпті, ұсақ мал былай тұрсын жабағы, тайларды жарып кеткенін айтқан.
Болат Аманбаев