Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады

28.03.2022

Қасиетті Рамазан айымен қауышуға алты күн қалды. Ораза сәуірдің 2-інде басталады. Ауыз бекіту 30 күнге жалғасады. 

Биыл пітір садақа мөлшері - 500 теңге. Ол ел аумағындағы 2 келі ұнның орташа бағасына тең. Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн. Ораза айт болса, екінші мамырға келіп тұр. Рамазан – тәрбие айы. Сондықтан бойдағы жаман әдет пен жағымсыз мінезден арылуға мүмкіндік мол. Бұдан бөлек мейірім мен кешірімге әрі сауапқа толы мерзім. Демек қал-қадірінше қайырымдылық жасау маңызды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу