Степногорск ЖЭО-дағы қазандықтарды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорск ЖЭО-дағы қазандықтарды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

28.03.2022

Степногорск жылу электр орталығындағы бу қазандығында тесік табылуына байланысты үшінші қазандықтың жұмысы тоқтады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазандық температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында резервтегі 4-ші су жылыту қазандығы іске қосылды. Апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанда қазандықтар резервке енгізіледі. Қазіргі уақытта анықталған ақауларды жою жұмысы жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу