Екібастұз қаласында мектептер онлайн режимге ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласында мектептер онлайн режимге ауысты

07.02.2023

Екібастұз қаласында жылу мардымсыз, сондықтан барлық мектептер бүгін онлайн режимге ауысты. Жылу 90 градус шамасында берілуі керек, алайда қазір 52 градусты әзер көрсетіп тұр. Кеше станцияда тек үш қазандық қана істеп тұрды. Президент тапрсымасынан кейін облыс әкімі Асайын Байханов бүгін ЖЭО-дағы желілерді тексерді. Қазір жөндеу жұмыстарына 130 адам жұмылдырылған. Өзге қалалардан қосымша бригадалар жасақталды. Әзірге қазандықтарды толық тазарту мүмкін болмай тұр. Негізгі жұмыстар көктемге жоспарланып отыр. Облыс әкімі жағдай тұрақталғанша Екібастұзда болмақ. 

Хабарламаларға жазылу