Астана күніне орай ұйымдастырылған «Астана – Арқау» түркі музыкасының фестивалі мәресіне жетті.
Түркі мәдениетін жоғары бағалайтын жандар мен саф өнерді кеңінен насихаттайтын орындаушылардың басын қосатын музыка фестиваліне Қалмақия, Чуваш, Алтай, Башқұртстан, Якутия, Тыва, Дағыстан, Татарстан, Моңғолия, Түрікменстан, Түркия және Қазақстанның өнерпаздары қатысты.
Шебер аспапшылармен қатар, жеке орындаушылар, көрнекті музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетіп, Астана аспанын әуезді әнге, күмбірлеген күйге бөледі.
Индира БЕГАЙДАР