Азық-түлік қауіпсіздігі үшін «жасыл белдеу» құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік қауіпсіздігі үшін «жасыл белдеу» құрылады

26.03.2022

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «жасыл» белдеу құрылады. Картоп, пияз, сәбіз, қырыққабаттың егіс алқабы бірнеше есе ұлғаяды. Жылыжайлардың саны да артып келеді. Өңірге сүт және сүт өнімдерінің 80%-ы сырттан әкелінеді. Импортты азайтып, өндіріс көлемін арттыру үшін аймақтың 5 ауданында сүт өндіру көлемі 46 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

Денис Омашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: 
– Бөрлі ауданында 600 бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Қазір 91 бас сүтті мал сатып алып, жұмысын бастап жатыр. Теректі ауданында ЖШС 600 басқа арналған сүт тауарлы фермасының құрылысын бастап жатыр. Күзде толыққанды іске қосуды жоспарлап отыр. Серіктестік мақсаты – одан әрі 1200 басқа жеткізу.

Хабарламаларға жазылу