Азық-түлік қауіпсіздігі бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік қауіпсіздігі бақылауға алынды

10.09.2019

Ислам елдері арасында азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Осы тұрғыда арнайы ұйым құрылып, мүше елдердің арасында өзара тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды енгізу, инвестиция тарту сияқты мәселелерді реттеп тұрады. 

Ұйымның жұмысы мүше мемлекеттердің төлеген жарнасы есебінен жүргізіледі. Бас Ассамблеяның құрамындағы Сауд Арабиясы – төраға, Тәжікстан мен Гамбия төрағаның орынбасары, ал Қазақстан – баяндамашы ретінде тіркелді. Ұйымға жалпы 34 мемлекет мүше ретінде қабылданған.

Ерлан Байдәулет, АҚИҰ хатшылығының бас директоры:

Біздің бюджет бізге қойылған кез келген жұмысты орындауға жеткілікті. Алайда оның көлемі кез келген елшіліктің қаржысынан аз. Жұмысымызға мүше елдердің барлығы қызығушылық танытып отыр. Қатарымызда жұмыс істейтін барлық мамандар өте білікті. Осылайша біз азық-түлік қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтере аламыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу