Украинада Ресей әскері бірнеше бағытта, алға жылжи алмай тұралай бастады. Мұны батыстық сарапшылар хабарлап отыр.
Және де тәуелсіз бақылаушылар ресейлік сарбаздардың жауынгерлік рухы түсіп, олардың Киевтің орталығынан шығысқа қарай 35 шақырымға ығыстырылып, қоршауға түсуге жақындағанын айтады. Ал, «Рейтер» агенттігі Америка әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлағандай, ресейлік «дәлдігі жоғары» қанатты зымырандардың 60 пайызы, соққы беру операциялары кезінде іске қосылмай қалған.
Дегенмен, Соғысты зерттеу институтының дерегінше, Ресей армиясы Мариупольді алу жолында, алға сеніммен ілгерілеп, қаланың орталығына жеткен. Сонымен қатар, Ресей қорғаныс министрлігі ел қарулы күштерінің Донецк облысында бір түнде 4 шақырымға жылжып, Батманка, Михайловка, Красный Партизан, Ставки және Троицкое селоларын алғанын мәлімдеді.