Ресейдің Коми республикасында есірткі тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды. Соңғы мәлімет бойынша 14 адам интернет арқылы тапсырыс орындап отырған. Ұсталғандардың ішінде студенттер де бар.
Дархан Маманов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы вице-Консулы:
«Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресейдегі Қазақстан азаматтарына күмәнді ұсыныстарға бой алдырмауға шақырамыз.»
Индира Бегайдар