Маңғыстау облысында есірткі тасымалдаған топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында есірткі тасымалдаған топ ұсталды

31.03.2023

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Арнайы операция кезінде топтың ұйымдастырушысы мен оның үш көмекшісі қолға түсті. Жедел тексеру кезінде теңіз жолы арқылы Қазақстанға психотропды заттарды тасымалдауға қатысы бар шетел азаматтары да анықталды. Олардың көліктерін тінту кезінде 30 келі апиын мен 10 қаптама метадон тәркіленді.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу