Ажар Ғиният: Жабық орындарда маска тағу режимі қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажар Ғиният: Жабық орындарда маска тағу режимі қалады

18.03.2022

Енді ғимаратқа кірерде Ашық қосымшасын ашып, мәртебеңді көрсету міндетті емес. Температура өлшеу, арақашықтықты сақтау талаптары да алынып тасталды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде эпиджағдайдың жақсаруына байланысты карантин талаптары біршама жеңілдегенін мәлімдеді.

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Енді екпе салдырған жолаушылар ПТР тест тапсырмайды. Ал ауруханаға жоспарлы түрде жататын науқастар, гемодиализге тәуелділер, жүкті әйелдер мен серіктес боп кіретін азаматтар тест тапсырмайды. Елде эпиджағдай жақсарды. Алдыңғы аймен салыстырғанда ауру деңгейі 33 есе төмендеді. Ведомства өкілінің пікірінше, бұл ұжымдық иммунитет қалыптасқанның нәтижесі. Вакцина алуы тиіс халықтың 83 пайызы екпе алды. Қазір ковидпен ауырған 8000-дай адамның 600-і стационарларда ем алып жатыр. Күніне орта есеппен 100 адамнан вирус анықталып отыр. Барлық өңір жасыл аймақтар тізімінде. Ал маска тағу режимі әлі де сақталады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Жабық орындарда маска тағу режимін қалдырып отырмыз. Жыл сайынғы жедел респираторлық вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы өтуіне байланысты үй-жайларда маска режимі әлі де сақталады.

Дәрі тасымалы мәселесі заң аясында реттеледі

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Дегенмен шекаралас елдердегі жағдайға байланысты, кей шектеу шаралары сақталады. Әлемдегі геосаяси ахуалдың қиындауы дәрі тасымалына кері әсерін тигізді. Министрдің мәлімдеуінше Украинадан 25 түрлі препарат жеткізілетін. Көбісі, стационарда қабылданатын дәрілер. Қазір оның 40 пайызы ғана бар. Қазір бұл мәселені реттеу заң аясында шешілмек. Ал «Спутник V» екпесін шығаратын Қарағанды фармацевтикалық кешені мемлекет тапсырысты түгел орындады. Вакцина қоры жеткілікті. Жеке компанияның әрі қарайғы жұмыс барысы біздің бақылауымызда емес, - деді ведомства өкілі.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу