Жолдау дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді – тұрғындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді – тұрғындар

18.03.2022

Үкіметке нақты міндеттерді жүктеп, орындалу мерзіміне дейін белгіленген Жолдау елімізге оң өзгеріс әкеледі, деп санайды павлодарлық тұрғындар. Ең бастысы дамудың негізгі бағыт-бағдары айқын. Жаңа Қазақстанды құру бойынша аталған нақты қадамдарды құптаймыз әрі іске асыруға атсалысамыз, дейді көпшілік.

Санжар Мүтәлләп, қала тұрғыны:

Жолдауды арине тыңдадым. Мен үшін Жоғары аудиторлық палатаның құрылатыны ұнады. Себебі, елімізде қаржының ұрлануы, мақсатсыз жұмсалуы жайлы көп оқиғалар болды. Біздер үшін, жастар үшін бұл өте жаман, масқара деп санаймын. Бұдан былай аудиторларға парламенттік бақылау күшейтетіледі, деп жатыр. Сондықтан тәртіп болсын деп тілеймін.

Гүлсім Қобжанова, қала тұрғыны:

Ерекше әсер еткені ол мынау Ұлттық құрылтай құрылатыны. Бұл енді дала демократиясы дәстүрін жандандырудың бір көрінісі деп түсінемін. Жалпы, Құрылтай деген атының өзінде бірлік, береке деген мағына жатыр. Және бұл Ұлттық құрылтайда әр аймақтың өкілі болатындығы өте құптайтын жағдай. Сондықтан бұл құрылтай еліміздің, халқымыздың өзекті мәселелерін шешуде өзінің айрықша рөлін атқаратынына сенімдімін.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу