Түркістан облысының Жетісай мен Мақтаарал аудандарында толассыз жауған жаңбырдың кесірінен тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді су басты. Апта бойы нөсерлеп төккен жауыннан Мақтаарал ауданында бір үй құлап та қалды. Жер асты суларының деңгейі көтеріліп кетіп, қарғын су басқан екі аудандағы ондаған елдімекен қазір қатаң бақылауда. 241 үйдің ауласынан 35 мың текше метр су сорылды.
Махкамбай Шарипов, Жамбыл ауылының тұрғыны:
Алдымен өрісті су басты. Сол су асфальттан асып, ауламызға келді. Содан анау әжетханамыз бар, тауықханамыз бар, тіпті үйіміздің фундаментіне дейін су болды. Одан мына көршінің қоралары бірінен соң бірі құлай бастады. Апаттық құбырларға су сыймады.
Айнұр Ақбаева