Жезқазған өңірі Ұлытау облысы болатынына облыс тұрғындары қолдау білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған өңірі Ұлытау облысы болатынына облыс тұрғындары қолдау білдіруде

17.03.2022

Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын оңтайландыру мақсатында үш бірдей облыс ашылды. Бұл сол өңірлердің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіріп, өркендеуіне оң әсер етеді. Бұрынғы Жезқазған өңірінің өз алдына енші алып, дербес Ұлытау облысы болатынын естіген Арқа жұрты бір адамдай қолдап, қуаныштарын білдіруде.

Майра Әбдірахманова, қоғам белсендісі:

Үш облыстың ашылуы. Аттарының өзі қандай әдемі, әуезді. Жетісу, Абай, Ұлытау деген үш облыстың келуі. Ұлытау-ел ұясы, қазақ қаны бар азаматтардың ол әлемнің қай түкпірінде болмасын ол алтын ұясы.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу