Алматы халықаралық әуежайында елден ақша әкетпек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы халықаралық әуежайында елден ақша әкетпек болғандар ұсталды

17.03.2022

Алматы халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкетпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мәлімдеді. Ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеге жасырылған. Жалпы Шекара қызметі 25 қаңтардан бері декларацияланбаған 900 млн теңгеден астам ақшаны елден әкетудің жолын кесті. Еске салайық, 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын қолма-қол валюта немесе алтынды шетелге шығаруға тыйым салған болатын.

Хабарламаларға жазылу