Қазақстан-Түркия арасында экономикалық байланыс нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Түркия арасында экономикалық байланыс нығаяды

19.10.2023

Түркия кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес ашуға ниетті. Елордада екі ел кәсіпкерлері мен экономистері бас қосып, көптеген мәселелер талқылады. Инвесторлардың айтуынша Қазақстан кәсіп ашуға қолайлы, қауіпсіз ел. Сондықтан екі ел арасындағы экономикалық байланыс үзілмеуі керек. Шарада Түркиялық кәсіпкер Фатих Омюр Алматы халықаралық әуежайында вице-президент болып 2 жыл жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бүгінде жобаға 700 миллион доллардан артық ақша салынған. Инвестор бұл шешімге еш өкінбейтінін де айтты.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу