Шетелдік дипломаттар Жолдауға қатысты ой-пікірімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік дипломаттар Жолдауға қатысты ой-пікірімен бөлісті

16.03.2022

Сайлау процесін жаңғырту, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру арқылы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басады. Азаматтық-қоғамдық институттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту - демократияның айқын көрінісі. Мұндай ой-пікірді еліміздегі дипломаттар айтып жатыр. Шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері де Президенттің Жолдауын тыңдап, пікірімен бөлісті.

Саидикрам Ниязходжаев,  Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: 
Бұл тарихи Жолдау және Қазақстанның одан ары дамуын қамтамасыз етуге арналған. Реформаның барлық бағыты қамтылған. Саяси және сайлау процесіндегі өзгерістер жайлы, аймақтардың дамуы туралы жақсы айтылды. Бұл ретте, егемен елдеріңіздің 30 жылдағы тәжірибесі ескеріле отырып, Жаңа Қазақстан құруға бағыт-бағдар беретін Жолдау болғанын ерекше атап өткім келеді.
 Моника Иверсен, Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: 
Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары еркін болуы керек деген сөзі ұнады. Азаматтық қоғамның саяси процестерге белсенді араласуы маңызды дегенді де жақсы айтты. Германияда да осындай тәжірбие бар. Яғни, ол жақта тілшілер өте қызықты және батыл сұрақ қоя алады. Бұл жоғары қызметтегі адамдарды, министрлерді жауапкершілікке шақырудың жақсы әдісі. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу