Шетелдік сарапшы Жолдауға қатысты ой-пікірімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы Жолдауға қатысты ой-пікірімен бөлісті

28.03.2022

Маңызды өзгерістерге толы Президент Жолдауы елдегі демократилық үрдістерді тездетеді. Ал билік өкілдерінің адал еңбегі халықтың сенімін нығайтады. Саяси жаңғырудың басты талабы - өзгерістердің сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асқаны дейді шетелдік сарапшы.

Витаутас Наудужас, Ұлттық автотасымалдаушылар қауымдастығы президиумының төрағасы:

Парламент депутаттары мен Вильнюстағы әріптестерімізбен Қазақстан президентінің Жолдауын тыңдап, бірге талқыладық. Модернизация мен ремормалардың барлық бағыты қамтылды. Десе де, екі бағытына ерекше тоқталдық. Маңызды шешімдер қабылдауда Ақорда, Үкімет пен Парламентке үлкен жауапкершілік жүктелгені айтылды. Бұл өз кезегінде елді демократияландыруға, оң өзгерістерге апаратын бірден бір жол. Сондай-ақ, биліктің қоғамдағы динамикалық баланс орнауына алып келеді.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу