Президент ұсынған саяси реформалар елімізде түбегейлі өзгерістерге алып келеді. Мәжіліс депутаттары осындай пікір білдірді. Әсіресе супер президенттік жүйеден бас тартып, Парламент ықпалын күшейту Қазақстандағы саяси белсенділікті арттырады. Сондай-ақ жергілікті мәслихат рөлін күшейту, сайлау процесін жетілдіру, партияларды тіркеу ісін жеңілдету ұсыныстары көпшіліктің көкейіндегі мәселелер дейді олар.
Қазыбек Иса, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:Біз жаңа Мәжіліске Президенттің Жолдауын тыңдауға ескі дәуірде кірдік та, жаңа дәуірде шықтық. Өйткені жаңағы айтылған саяси өзгерістер бұл түбегейлі өзгерістер.
Аманжол Әлтай,ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:Аймақтардағы әкімдерді сайлауда бұрын бір адам ғана мәслихатқа ұсынылып, соны мәслихат келісім беретін не бермейтін. Алдағы уақытта бір адам емес альтернативті екі адам ұсынылатын болды.
Шерхан Жамбылұлы