Ұлттық банк төрағасы: Алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы: Алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін

15.03.2022

Ал әзірге қаржы нарығы тұрақсыз. Ұлттық банк төрағасы алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін, - дейді. Қазір олның көлемі бір айда 0,2 пайызға көтеріліп, 8,7 процентті құрап отыр. Геосаяси жағдай, жаһандық тауар жеткізудің қиындауы мен энергоресурстардың қымбаттауы инфляциялық қысымды күшейтіп жіберді. Оның үстіне азық-түлік пен өзге де тауар бағасының көтерілуі тағы бар. Инфляцияны ауыздықтау үшін Ұлттық банк төрағасы жанармайдың қымбаттауына жол бермеу керек екенін айтады. Әрі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, - дейді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу