Аграрлық ғылымды дамыту қажет – Үкімет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық ғылымды дамыту қажет – Үкімет басшысы

15.03.2022
Аграрлық ғылымды дамыту қажет – Үкімет басшысы

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.

«Бағаны реттеудің қолданыстағы механизмдерінің тиімділігін бағалау керек. Сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындау қажет. Бағаларды әкімшілік механизмдермен ұстап тұру нарықтық тәсілдерге жатпайтынын білеміз, сондықтан бағаларды тұрақтандырудың басқа да әдістерін қолдану қажет»,– деді Үкімет басшысы.

Сонымен бірге ол Жоспар аясында форвардтық жеткізулер жүйесін дамыта отырып, агроөнеркәсіп кешен және сауда субъектілерінің арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату шараларын да қарастыру керек екенін атап өтті.

Премьер-министр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы да маңызды орын алатынына басты назар аударды.. Бұл бағытта ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, тамақ өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жетілдірудің маңызы зор.

«Сондай-ақ аграрлық ғылымды дамыту қажет. Ғылыми зерттеу процестерінің интеграциясын, кадр дайындау және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді қамтамасыз ету керек. Бұл үшін Жоспарда аграрлық университеттер базасында құрамына аграралық ғылыми институттар мен тәжірибелік шаруашылықтарды қоса отырып, зерттеу орталықтарын құру бойынша нақты міндеттерді қарастыру қажет.

Жоспарда көзделген іс-шаралар Өңірлік даму жоспарларында да қамтылуы керек. Облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс»,– деді Әлихан Смайылов.

Үкімет отырысы Әлихан Смайылов Премьер-министр

Хабарламаларға жазылу