Қаңтар оқиғасы: Деструктивті ағымның өкілі іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Деструктивті ағымның өкілі іздестіріліп жатыр

15.03.2022

Қақтығыстан соң деструктивті діни ағымдардың 10 өкілі мен тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 20 мүшесі күдікті ретінде ұсталған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Жат діни ағымды ұстанатын 9 адам қамауға алынса, тағы біреуі әлі іздеуде жүр. Бір адамға әкімшілік ғимаратты басып алу, қару ұрлау фактілері бойынша айып тағылған. Ал экстремистік топтарға қатысы бар делінген күдіктілердің 11-і қамауда отыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу