Тергеу барысына қоғамдық бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тергеу барысына қоғамдық бақылау күшейтілді

14.03.2022

Тергеу барысына қоғамдық бақылау күшейтілді. Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғаушылар мен адвокаттар Мемлекет басшысының жағдайды тұрақтандырудағы ерекше рөлін атап өтті. Президент өзінің батыл әрекетімен мемлекеттікті сақтап қалды, дейді олар.

Дарын Сағитов, тілші:

Тергеу барысында құқық қорғаушылар мен адвокаттар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, тергеудің ашық әрі жария түрде өтуіне үлес қосуда. Президенттің Қаңтар оқиғаларының жан-жақты тергелуін талап етуі бізге күш берді, дейді олар. Мәжіліс отырысында бүлік кезінде жағдайды тұрақтандырудағы Президенттің рөлі де айтылды. Қорғаушылардың пікірінше, Мемлекет басшысы батыл әрекетімен мемлекеттікті сақтап қалды. Сонымен қатар, сындарлы уақытта табанды шешім қабылдап, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап берді. Бұзақыларды қамауға алу тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін маңызды шешім болды дейді.

Абзал Құспан, адвокат:

Мемлекет басшысының осы оқиғалар орын алған кездегі табанды шешімі, оқиға бойынша алғашқы кезеңнен бастап елге ашық сұхбат беріп, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап бергені, басынан бастап тергеу органдарынан болған оқиғаны мейлінше ашық әрі объективті, жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге де ерекше күш-жігер сыйлағанын айтқым келеді. Біз және бізден бөлек құрылған басқа да комиссиялар осы мақсатта жұмыс істеді.

Тергеу барысында прокуратура құқық қорғаушылармен және адвокаттармен ашық әріптестік орнатып келеді. Мысалы, қорғаушылардың өтініштері ескеріліп, прокурорлық тексеріс нәтижесінде уақытша ұстау изоляторы мен арнайы орындардан 302 азамат босатылды. 11 адамды қамауға алу шешімі қайтарылды. Бұрын қамауға алынған 200 азаматқа бұлтартпау шарасы өзгертілді. Сонымен ақтар, ауыр қылмыс жасады деп айыпталған кәмелетке толмаған 29 баланың 28-і ата-аналарының кепілдігімен босатылды.


Хабарламаларға жазылу