Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» атауымен арнайы сұхбат шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» атауымен арнайы сұхбат шықты

11.03.2022

Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» атауымен арнайы сұхбат шықты. Студия қонағы - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев. Ол мемлекеттік аппараттағы жаңашылдықтар туралы бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда мемқызметшілердің қағазбастылықтан арылуы, жас әрі білімді мамандарды жұмысқа тарту жайы айтылды. Жастарды қолдау бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстарға да тоқталды.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік қызметшілерден менің бірінші көретінім, қарапайымдылық, кішіпейілділік, Отанға деген сүйіспеншілік бойында, жүрегінде болу керек деп ойлаймын. Сол кезде мемлекеттік қызметшілеріміз алдағы уақытта қоғаммен ашық жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу