Астанада 2 мың адам үстел теннисі жарысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2 мың адам үстел теннисі жарысына қатысты

05.07.2014
Астанада 2 мың адам үстел теннисі жарысына қатысты

Елорда күні мерекесі қарсаңында, 2 мыңға жуық адам үстел тенисі жарысына қатысты. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Кез келген жарыстың міндетті атрибуты болады. Ол - жүлде. Бұл марафонда 1 миллион теңге тігілді. Осындай жарыстарды көптеп ұйымдастыру қажет. Сонда бұқараның спортқа көңілі ауады. Спортты серік еткен жұрттың дені сау, жаны сау болады. Мұндай азаматтары бар елдің деңгейі де биік болады. Іс-шараның өтуіне мұрындық болған «Нұр Отан» партиясындағылар осылай дейді.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Тек қана руһы мықты, дені сау халық үлкен жетістіктерге жете алады. Сондықтан да Елбасы жалпы спорт үшін көп жағдай жасауда. Елбасы айтқандай 30 елдің қатарына ену үшін, барлығымыз бірге жұмыла отырып, үлкен еңбек жасауымыз керек. Біздің елімізде барлық азаматқа жағдай жасалып отыр.

Хабарламаларға жазылу