Астанада мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық фестивалі өтуде

28.06.2017

Алғаш рет өткізіліп отырған шараға еліміздің 4 облысынан 110 адам қатысты. Олар вокал, хореография, қолөнер шығармашылығы, шахмат,  үстел теннисі, боулинг сияқты жарыстарда сайысқа түскен. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың осындай шараларға қатысуы олардың өзіне деген сенімділігін  арттырады», - дейді ұйымдастырушылар. Фестиваль екі күнге созылады. Ертең қатысушылар елорданың көрікті жерлерімен таныспақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу