Жамбыл облысында миллиондап табыс тапқан майнинг фермалары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында миллиондап табыс тапқан майнинг фермалары анықталды

11.03.2022

Жамбыл облысында 90 миллион теңге кіріс тапқан заңсыз майнинг фермалардың жолы кесілді. Көлеңкелі бизнеспен айналысқандар жедел іздестіру шаралары нәтижесінде анықталды. Қазір бізбен өңірдегі тілшіміз Нұрдос Сембек байланыста. Нұрдос, майнинг фермалар қай жерлерде жұмыс істеп келген?

Нұрдос Болатұлы, тілші:

Майнинг фермаларының бірі шетел азаматы басшылық ететін өндірістік базаның аумағында болған. Мамандардың айтуы бойынша оның табыс көзі 60 миллион теңгені құраған. Ал екіншісі қаладағы техника жөндеу орталығының ғимаратында орналасыпты. Электр желісіне технологиялық талаптарды сақтамай қосылып, заңсыз пайда тауып келген. Кіріс көзі 30 миллион теңгеден асқан. Тінту барысында аталған орындардан криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам технологиялық құралдар тәркіленген. Қазіргі таңда аталға іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұдан артық ақпаратты мамандар тергеу құпиясына байланысты жария етпей отыр.


Хабарламаларға жазылу