Бүгін «Magic Astana» фестивалінде танымал сиқыршылар өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Magic Astana» фестивалінде танымал сиқыршылар өнер көрсетеді

05.07.2014
Бүгін «Magic Astana» фестивалінде танымал сиқыршылар өнер көрсетеді

 

Елордада «Magic Astana» халықаралық сиқыршылар фестивалі өтеді. 

Бүгін сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында әлемнің танымал сиқыршылары керемет гала-шоу ұйымдастырады, деп хабарлайды astana.kz.

 

Ал ертең фестивальді балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тамашалайды.

 

«Бұл - ерекше шара. Онда танымал әрі дарынды сиқыршылар бас қосады. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасын тапса екен деймін. Өйткені дүниежүзінде мұндай шара жоқ. Қазақстанда аталмыш жобаның игі дәстүрге айналуына тілектеспін. Оның үстіне, шараны халықаралық деңгейге көтеру жоспарымызда бар», - деді «Magic Astana» фестиваліне қатысушылардың бірі, сиқыршы Сергей Сафронов.

 

«Бүгін барша әлемге дүниежүзін таңғалдыратын сиқыршылардың біздің  елде  де бар екенін дәлелдемекпіз», - дед ол.

 

Сергей Сафроновтың айтуынша, көрермендер назарына ерекше думан ұсынылмақ. Номерлердің бәрі микро сиқырлықтан макро сиқырлыққа дейін бірнеше бағытта дайындалды.

 

Еске салайық, «Magic Astana» думаны Қазақстанда тұңғыш рет өткізіледі. Фестиваль қонақтары ағайынды Сафроновтар, «Удиви меня» шоуына қатысушылар, дарынды сиқыршылар Александра Скачкова, Антон Абрашеков, Александр Муратаев пен Павел Карахтанов. Сондай-ақ, «Украинаның бірінші феномені» атанған Артем Тихевич, жоғары санаттағы қырғыз иллюзионисі Ильдар Ягофаров көрермендерді өздерінің өнерлерімен тәнті етпек.

 

Ал голландиялық иллюзионистер «MagicUnlimited» бағдарламасын ұсынады. 

Хабарламаларға жазылу