Бейжің 2022: Қазақстандық паралимпиадашы Александр Герлиц қола медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің 2022: Қазақстандық паралимпиадашы Александр Герлиц қола медаль жеңіп алды

09.03.2022

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. 10 шақырымдық биатлон жарысына қатысқан ол нысананы көздеп ату кезінде үш рет мүлт кетті. Петропавл тумасы осы сайыс түрінен ел намысын қорғаған жалғыз спортшы. Ал жарыс жеңімпазы канадалық Марк Арендз атанды. Күміс украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық парабиатлонист Александр Герлицті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортта бұдан әрі қарай табысты болуына тілектес екенін жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу