Қытаймен арадағы «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытаймен арадағы «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесі шешілді

09.03.2022

Қытаймен арадағы «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесі шешілді. Электрондық кезек реттеліп жатыр. Енді жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында Марат Сұлтанғазиев баяндады. Сондай-ақ Қаржы министрінің бірінші орынбасары «Алтынкөл» және «Достық – Теміржол» теміржол өткізу пункттеріндегі жұмыстарға тоқталып өтті. Бұл аралық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Кеңес барысында Премьер-Министр қазіргі жағдайға байланысты ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою керек деді.

Хабарламаларға жазылу