Енді телефон әңгімелеріне келсек, Украина Президенті В.Зеленскиймен де, Ресей президенті В.Путинмен де сөйлесті. Өзі твиттердегі парағында былай жазды:
Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік. Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым.