Қарағанды облысы бойынша былтыр «Аманат» партиясының қоғаммен байланыс бөлімдеріне төрт жарым мыңнан астам адам көмек сұрап келген. Азаматтардың 50 пайызының мәселесі шешілген. Партия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін партия өкілдері қоғаммен байланысты бұрынғыдан да арттырмақ.
Асқар Елубаев 2018 жылы инсульт алып, денесінің жартысы түгел жансызданып қалған. Қант диабетімен де ауырады. Өмір бойы полицияда жұмыс істеген аазамат соңғы жылдары осылай төсекке таңылған. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болса да, 1-ші топтағы мүгедектікті ала алмай отыр. Айтуынша тиісті органдар науқастың диагноздарын толық ескермеген.
Бақыт Елубаева, қала тұрғыны:Күні-түні қарау керек. Кейбір кезде аяқтары ұстамай қалып құлап қалады. Қалай мұндай адам жалғыз қалады? Оған көмекші керек. Егер мен өзім жұмысқа шыға алмай қарап отырсам, мені неге әлеуметтік көмекші қылдырмайды. Менде жұмыс істеп, менде өмір сүруім керек.
Осындай көмекке мұқтаж 4,5 мың адам былтыр «Аманат» партиясына жүгінген. Географиялық жағынан облыс аумағы үлкен. Сондықтан партияның қоғамдық тыңдау бөлімінің 23 филиалы қызмет көрсетеді. Былтыр жәрдем сұраған 2 мыңнан астамының мәселесі шешілген. партияның Жуырда өткен съезінде Мемлекет басшысы қорапайым адамдардың мұң мұқтажын ескеріп, халықпен ашық жұмыс істеуді тапсырды.
Бекзат Алтынбеков, «Amanat» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:Қаланың, аймақтардың әр кезеңдерде халық көп жиналатын жерлерде қоғамдық қабылдау жасау мәселелері бүгінгі күні нақты іске асырыла бастады.
Партия филиалына көмек сұрап келген Бақыт Елубаеваның да мәселесі көп ұзамай шешілетін болды. Қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілдері облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуде. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жанның мүддесі толық қорғалатын болады.
Руслан Нұрланұлы