Елімізде Украина халқына гуманитарлық көмек көрсету жалғасып жатыр. Бір аптаның ішінде еріктілерден 130 миллион теңге жиналған. Украинаның Қазақстандағы елшілігіне келіп, қол ұшын созып, қолдау білдіріп жатқан халықтың қарасы көп. Түрлі ұлт өкілдері алтыншы күн қатарынан азық-түлік, дәрі-дәрмек, күнделікті қолданысқа керек заттарды әкеліп жатыр. Арнайы қораптар мен сөмкелер жүк көлігіне тиеліп, жөнелтіліп отырады. Елшілікке жиналған еріктілердің ісі алдағы уақытта да жалғаспақ.
Иван Самошкин, ерікті, Украина азаматы:
Қазақстан халқына алғыс айтамын. Мен Украина азаматымын. Қазақстанда жұмыс бабымен жүрмін. Отбасым Украинада. Жағдайлары ауыр. Дүкендердің көбі жабық. Дәрі-дәрмек алу да оңай емес. Қиын жағдайда тап болғандарға көмектесіп жатқан баршаңызға рақмет. Бұз бұны ұмытпаймыз. Бұл көмекті бейбітшілікті сүйетін елдің іс-әрекеті деп білемін.