Алматының дәріханаларында есірткі препараттарын сату дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының дәріханаларында есірткі препараттарын сату дерегі анықталды

04.03.2022

Алматының дәріханаларында есірткі препараттарын сату дерегі анықталды. Полицияның хабарлауынша, қазір құрамында есірткі бар дәрілерді сатып алу қиын емес. Мәселен, мегаполистің екі тұрғынынан бір орам ұйықтататын және көзге тамызатын дәрі тәркіленді. Осыны ескерген есірткіге қарсы күрес қызметі мұндай дәрілік заттарға бақылауды күшейтті. Себебі, олар Үкімет қаулысымен бекітілген адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізетін әрі күшті әсер ететін заттардың қатарына жатады. 

Хабарламаларға жазылу