Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған орын анықталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, топырақты аршу кезінде 12-ші калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, 200-ден аса оқ, бірнеше пышақ пен оптикалық көздеуіштер табылған. Заттардың 6 қаңтар күні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны белгілі болды. Қазір оларды жасырғандар іздестіріліп жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.