Сенатор: Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор: Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салу қажет

03.03.2022

Жамбыл облысында жаңа су қоймаларын салу қажет. Сенатор су тапшылығын жоюдың жолын ұсынып, Премьер-министрге сауал жолдады. Бекболат Орынбековтың сөзінше, өңірдегі суаруға пайдаланылатын су ресурстарының 85 пайызы Қырғыз жақтан қалыптасады. Аталған тарап бекітілген кестелерді сақтамай отыр. Ал биыл Шу және Талас өзендері бассейндеріндегі қар қоры аз. Тиісінше тіршілік нәріне де тапшы. Сондықтан жаңадан су қоймаларын  салуды қолға алу керек. 

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Өңірге Шу өзенінің бассейні бойынша – 370 млн м³ және Талас өзені бойынша – 590,0 млн м³ су тиесілі. Дегенмен, қырғыз тарапының бекітілген кестелерді сақтамауына байланысты, Қазақстан жыл сайын Шу өзенінен 50 пайызға дейін, Талас өзенінен 25 пайызға дейін суды ала алмайды.


Хабарламаларға жазылу