Елордада алғаш рет «Дон Кихот» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет «Дон Кихот» қойылымы сахналанды

03.03.2022

Қазақ драма театрында премьера. Испан жазушысы Мигель Де Сервантестің төрт ғасырдан бері өзектілігін жоғалтпаған романының желісімен «Дон Кихот» қойылымы сахналанды. Әлемдік шығарма қазақ драма театр сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Спектакльде кейіпкердің шығармадағы жанашыр бейнесі сақталғанымен сценарий толығымен қазақы қоғамға негізделген. Қойылымның мазмұны бүгінгі қоғаммен үндес болғанымен, тілі күнделікті тірлікте қолданылатын қарапайым диалогтармен өрілген.

Мирас Әбіл, аудамашы:

«Дон Кихот» әлемдік драма театрларында көп қойылмаған және қойылса да сәтті шықпағандықтан қойылым бүгінгі қоғаммен, бүгінгі уақытпен үндес болуы керек деп ойлаймын. біздің театрдың шығармашылық құрамы үшін үлкен мектеп болды. репертуарда ғұмыры ұзақ болса екен деген тілегіміз бар.

Мақпал Ауғанбай


Хабарламаларға жазылу