Алматылық өнер ұжымдары «Amanat» партиясының бастамаларын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық өнер ұжымдары «Amanat» партиясының бастамаларын қолдайды

02.03.2022

Алматылық өнер ұжымдары «Amanat» партиясының бастамаларын қолдайды. Олар жаңа атаумен іске кіріскен партияның жұмысы жемісті әрі нәтижелі боларына сенеді.

Еркін Жуасбек, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

Партияның атының «Amanat» деп өзгеруі болатын жаңалықтардың жаршысы сияқты. «Amanat» ұғымының өзі біздің халық ретінде, ұлт ретінде тамырымыздың тереңде екенін және сол тамырымыздан ажырамау керектігін белгілеп қойғандай.

Талғат Қамқабайұлы, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

Заман өзгеріп жатқан кезеңде неге партияның құрамы, бағдарламасы өзгеріске ұшырамасқа? Сондай үлкен дүниелер жасалынғалы жатыр. Сондықтан біз Президентімізге сенеміз, Үкіметке сенеміз және сенім білдереміз. Осы Мүсірепов театрының ұжымымен бірге қолдаймыз.


Хабарламаларға жазылу