«Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының актив отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының актив отырысы өтті

24.03.2022

 «Белсенді азаматтар мәселені әлеуметтік желілерде біржақты айтып қана қоймай, партия, мәслихат алаңдарында, қоғамдық кеңестерде талқыласа, оң шешілуіне сеп болар еді», - дейді депутаттар. Мұндай ұсыныс Amanat партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының актив отырысында айтылды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтық белсенділікті жандандыру қажеттігін айтты. Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің әлеуеті зор. Енді олар сала-сала бойынша топтасып, мемлекеттік органдармен қойын-қолтық жұмыс істеуі тиіс.

Нұрғали Жолдасқалиев, қалалық мәслихат депутаты:
Маған Жолдауда ұнаған бір мәселе - азаматтардың бастамаларын қолдауы. Көптеген үкіметтік емес ұйымдар бар, бірақ олар мемлекеттік процеске тиісті деңгейде қатыса алатындарын әлі сезінбейді, білмейді. Кез келген мекеме жанында қоғамдық кеңестер бар, «Amanat» партиясының қанша кеңесі бар, сол жерге мүше болып,  халықтың мұң-мұқтажын, мәселені көтеріп, айтуы керек.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу