Батысқазақстандықтар партия атауы ғана емес, мазмұны да өзгеретініне сенімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандықтар партия атауы ғана емес, мазмұны да өзгеретініне сенімді

01.03.2022

Батысқазақстандықтар партия атауы ғана емес, мазмұны да өзгеретініне сенімді. Өңірде 27 мыңға жуық партия мүшесі бар. Олар 200-ден астам бастауыш партия ұйымына топтасқан. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады. Енді олардың жұмыс бағыты, қызмет сапасы да жаңарады.

Ерболат Бекмуллин, Amanat партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының орынбасары: 

Екінші басымдық – партияластар арасында ынтымақтастықты нығайту. Жалпы еліміз бойынша қазір 800 мыңдай партия мүшесі болса, олар 4500 бастауыш партия ұйымдарына бөлініп отыр. Енді күтілетін нәтиже – осы 4 жарым мың бастауыш партия ұйымдарын ірілендіру, округтік бастауыш партия ұйымдарын құру.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандыру азаматтық қоғамды дамытады

Партия жұмысын қайта жаңғыртуда халықпен қоғамдық қабылдау өткізуді орталықтарда емес, ауыл аймақтарда өткізу ісі жемісті болмақ. Осы арқылы шалғай елді мекендегі тұрғындардың проблемаларын дер кезінде анықтап, уақтылы шешуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ партияның үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруы да, қоғамды толғандырған мәселелерді жіті танып, зерделеуге оң ықпал етеді дейді сарапшылар. 

 Гүлжан Сүгірбаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры: 

Проблемаларын тереңірек білетіні бізге мәлім. Өйткені азаматтық қоғамның негізін құрып жүрген үкіметтік емес ұйымдар. Сондықтан олармен тығыз жұмыс істеудің халықтың, елдің жағдайын жақсартуға өз әсерін тигізеді. 

Ғани Қалмаханов, Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу