Биылғы Парламент сайлауының ерекшелігі қандай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы Парламент сайлауының ерекшелігі қандай

10.01.2021

Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет уақытынан бұрын емес, конститутциялық мерзімінде өтіп жатыр. Саяси науқанның ерекшелігі бұл ғана емес. Алғаш рет «парламенттік оппозиция» ұғымы енгізілді. Бұл парламенттегі пікірлер алуандығын дамытуға негіз болады. Екіншіден, тұңғыш рет әйелдер мен жастарға 30 проценттік квота енгізілді. Үшіншіден, бүгін мәслихаттарға да сайлау өтіп жатыр. Және олар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталды. «Бұл саяси күштердің белсенділігі мен бәсекелестігін арттырады», - дейді сарапшылар. 

Алуа Жолдыбалина, Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:
Яғни, ол мәслихатқа бір ғана партия өтеді деген мүмкін емес нәрсе. Кем дегенде мәслихатта екі партия болады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу