Сондай-ақ, съезде Президент Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, Қазақстанның ұстанымы мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы тиіс. 2010 жылы еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін қабылдаған ел ретінде, біз Еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы ұстанымын қолдаймыз. Өкінішке қарай, мұндай жағдай болған жоқ. Минск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді, деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті. Біз екі мемлекетті де уағдаластық пен келісімге келуі үшін келіссөздер үстеліне отырып, ортақ тіл табысуға шақырамыз. Басқа жолы жоқ. Бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан қажет болса барлық жәрдемін, оның ішінде арағайындық қызметін көрсетуге дайын.