Украина мен Ресей шекарасында қалып қойған жүргізушілердің мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей шекарасында қалып қойған жүргізушілердің мәселесі шешілді

01.03.2022

Қазақстандық дипломаттар Украина мен Ресей шекарасында қалып қойған 10 жүк көлігі жүргізушілеріне көмектесті. Алысқа қатынайтын отандық көлік жүргізушілері әскери шиеленіске байланысты қиын жағдайға тап болған. Олар Брянск облысындағы Троебортное өткізу пункті аумағында тоқтатылды. Белгілі себептермен олардың кері бағытқа бұрылуға мүмкіндіктері болмаған. Қазақстандық дипломаттардың көмегімен көліктерді өткізу мәселесі қазір толық шешілді. 

Хабарламаларға жазылу