Зеленский: Донбасстың тағдыры шешіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский: Донбасстың тағдыры шешіліп жатыр

09.06.2022

Зеленский: Донбасстың тағдыры шешіліп жатыр

Украинадағы қақтығыстың басталғанына 105 күннен асты. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Северодонецк әлі Донбастың қақтығыс ошағы ретінде қалып отыр.

Ал әскердің қаланың сыртын ғана бақылауда ұстап отырудан басқа амалы жоқ. Себебі Ресей күштері артиллерия мен әуе соққыларын күшейте түскен. Бұл туралы Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай мәлімдеді.

Сондай-ақ Украина мен Ресей қаза тапқан сарбаздардың денелерін айырбастады. Украина тарапының мәлімдеуінше, марқұмдардың көбі - Мариуполь мен «Азовсталь» қорғаушылары.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу