Бүгін Бас покуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында жаппай тәртіпсіздік кезінде және одан кейін ұсталған азаматтардың құқығын қатаң сақтау мәселесі пысықталды. Қазір қаңтар оқиғасы бойынша 3 502 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олардың ішінде лаңкестік, адам өлтіру, қару ұрлау мен жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 737 күдікті тергеу изоляторларында отыр. Қамаудағылардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған 2 азамат бар.