Елімізде қатерлі ісік жасарып барады
Қатерлі ісіктен қауіп азаймай тұр. Есепте тұрғандардың саны 190 мыңнан асты. Оның үстіне дерт жасарып келеді. Соңғы кездері жүкті әйелдердің арасында жиілеген. Бірақ, емдеу қиын. Елордадағы нейрохирурхия орталығы күрделі операция арқылы науқастарға үміт сыйлай бастады.
Операция үстелінде жатқан әйелдің аяғы ауыр. Құрсақтағы сәбиі 28-інші аптада, яғни, 7 айға да толған жоқ. Бірақ, шұғыл операция істемесе болмайды.
Жасы 31-де. 5-нші жүктілігі. Бұрын аурудың еш белгісі білінбеген. Тек кейінгі айларда бірнеше рет есінен танып қалған. Шымкентте мида ісік бары анықталып, Елордаға санавиациямен жеткізілген.
Нұрәлі Аширов, нейрохирург :
Пациенттің жағдайы өте ауыр. Біріншіден бұл кісі жүкті. 28-нде аптада. Ісіктің көлемі үлкен. орналасқан жері функционалды аймақта орналасқан. Операция өте күрделі.
Күрделі болғанымен, шегінерге жол жоқ. Оның үстіне бір емес, екі адамның тағдыры қыл үстінде. Нейрохирургтар іштегі сәбиді сақтай отырып, мидағы ісікті алып тастауға кірісті. Ана мен бала орталығынан акушер-гинеколог бригадасы шұғыл шақыртылды. Олар баланың жағдайын бақылау үшін қосымша тағы 2 аппаратты қосты.
Айнұр Оспанова «Ана мен бала» орталығының қызметкері:
Бірінші ол кардиоманиторинг. КТГ арқылы. Және УЗИ. Жүрегі қалыпты ма жоқ па соны қадағалаймыз. Қазір баланың жүрек жиілігі қалыпты.
Іште бала болғаннан кейін науқасқа ауыр препараттар салынған жоқ. Бұл да операцияны қиындатқаны түсінікті. 5 сағат арпалыстан соң дәрігерлер мидағы ісікті толық алды.
Серік Ақшолақов Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:
Операция ойдағыдай аяқталды. Ісік - қатерлі ісік бірақ. Ісіктің ішінде қан құйылған. Нашарлаған себебі сол. Ісіктің көлемі үлкен. Әрмен қарай емін ойланамыз. Онкологпен бірге.
Дерт жас таңдамайтын болған. Обыр аяғы ауыр келіншектерге де көшкен. Жыл сайын ондаған жүкті әйелден табылады. Қорғанудың жалғыз тәсілі – скрининг. Дәрігерге дер кезінде көрінсе ана мен баланы қатар алып қалуға болады. Ал Сапарайым операциядан кейін есін жиды.
Сапарайым Дүйсебекова, Түркістан облысының тұрғыны:
Ендігі міндетім осы ана мен бала орталығына бару. Босанып қолымызға сәбиді алу жолдасымыз екеуміздің арманымыз. 03:19 Ең ауыры артта қалды Құдайға шүкір. Тоба.
Үлкен қауіптен аман қалған ананы үйінде 4 баласы күтіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05