Еліміздің бірнеше өңірінде су тапшылығы байқалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше өңірінде су тапшылығы байқалуы мүмкін

28.02.2022

Биыл еліміздің оңтүстік аймағы мен Атырау, Ақтөбе облыстарында су тапшылығы байқалуы мүмкін. Бұл туралы Экология министрі алқа отырысында мәлімдеді. Мәселенің алдын алу үшін ылғалсүйгіштігі төмен дақылдарды егу, су өңдеуші технологияларды қолдану, фермерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды біршама тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ министрлік Президент тапсырмасына сәйкес, су кодексін әзірлеп жатыр. Жаңа заң қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысының 3 апатты су қоймасы қалпына келтіріледі.

2025 жылға дейін Қызылорда облысында Қараөзек су қоймасының құрылысы басталады. 1 720 шақырым магистральдік және шаруашылықаралық каналдар қайта жаңартылады. Бұл 80 мың гектарды қалпына келтіруге және 24 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұзындығы 194 шақырым топтық су құбырларын салу мен қайта жаңартудың 5 жобасы әзірленіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу